Гүлдермен және кубоктармен
26.07.2024
Бүгін "Ударная" станциясында ПЭ2 өнеркәсіптік электровоз машинистері «Мамандығы бойынша үздік» байқауында күш сынасты. Дәстүр бойынша теориялық тапсырмадан бастады. Локомотив жұмысшылары 50 сұрақты 10 минутқа жетпей орындады. Дұрыс жауаптардың максималды саны – 46.
Осыдан кейін олар дәлдіктің, жинақылықтың, тіпті, түйсіктің сынағымен бетпе-бет келді. Өйткені, автотіркеу кезінде жүргізуші тіркеудің өзін, тіпті оның үстінде тұрған стақанды да көрмейді. Көрініс қызықты және өте шиеленісті болды.
Бір стақан сынды, екіншісі құлады, бірақ сынбады. Қалған төрт қатысушы автотіркеу кезінде судың ең аз мөлшерін төгіп, тамаша нәтиже көрсетті. Бұл жарыс болғанымен, теміржолшылар бір-бірін қолдап, жігерлендіріп отырды.
Кәсіпқой жарыстың қорытындысы бойынша машинист Анатолий Храбрецов жеңімпаз атанса, Дәурен Уныйбаев екінші, Артем Чепель үшінші орынға табан тіреді.
Гүлдер мен кубоктар бұл шараға ерекше сән-салтанат берді. Оған Богатырь жүк тиеу-көлік басқармасы жан-жақты дайындалды.