Өзекті мәселелер
25.07.2024
Азаматтық қорғау және еңбек қауіпсіздігі басқармасының басшылығы «Богатырь Көмір» ЖШС-нің өндірістік құрылымдық бөлімшелеріндегі жұмысшы мамандықтарының қызметкерлерімен жоспарлы кездесулер өткізуді жалғастыруда. Мұндай кездесулер барысында күнделікті өмірде тұрақсыздықпен бүркемеленген, немесе белгілі бір себептермен шешілмейтін түйткілді мәселелер талқылануда.
23 шілдеде АҚжәнеЕҚБ басқарушы директорының орынбасары Наталья Катышкина ТЖЖЖД қызметкерлерімен кездесу өткізді, оған бөлімше басшысы Валерий Терешков та қатысты.
Кездесуге қатысушылар жұмысшыларды қызықтыратын мәселелерді талқылады. Соның ішінде:
- алынған арнайы киімдерінің өлшемдерінің сәйкес келмеуі;
- цех қызметкерлеріне 5% МКЗЖ шегерімдерін төлемеу туралы;
- еңбекақы мен жалақыны көтеру туралы;
- Семей полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккендерге төлемдер туралы.
25 шілдеде «Богатырь» кенішіндегі жұмысшы мамандықтарының қызметкерлері АҚжәнеЕҚБ өкілдерімен жұмыс киімінің сапасы, ауыз су және басқа да түйткілді мәселелерді талқылады. Кеншілердің пікірлері мен тілектерін өндірістік қауіпсіздік жөніндегі басқарушы директор Төлеген Максилов тыңдап, түсініктеме берді. Кездесуде «Біріккен кәсіподақ» БПҰ төрағасы Марат Қадауов та қатысты.
Кездесуге қатысушыларға «Қауіпсіз өндіріс» автоматтандырылған қауіптерді тіркеу жүйесінің ерекшеліктері, жүйеге белсенді қатысу кезіндегі ықтимал ынталандырулар, тәуекелдерді болдырмау үшін жанжалдарды тіркеу маңыздылығы туралы қайта айтылды және бұл қосымшаның қалай жұмыс істейтіні жайында естеріне салды.
Сондай-ақ жиналғандарға АҚ және ЕҚ басқармасында жақын арада өндірістік қауіпсіздікке әсер ететін факторлар анықталған жағдайда анонимді түрде хабарласа алатын сенім телефоны өз жұмысын бастайтыны туралы хабарлады.