Жұмсақ автотіркес
24.07.2024
Бүгін Богатырь жүк тиеу-көлік басқармасының "Степная" ЖҚД өткен «Мамандығы бойынша үздік» байқауында локомотив машинистері тамаша дайындықтарын көрсетті. Сайыстың барлық қатысушылары практикалық тапсырманы барынша жұмсақ, дәл және кәсіби түрде орындады. Автотіркеу кезінде бірде-бір сынған немесе тіпті төңкерілген стақан да болған жоқ. Тіпті суды да шамалы ғана төкті.
Евгений Сизов небәрі 2 минут 50 секундта 50 сұраққа жауап беріп, комиссия мүшелерін таң қалдырды. Оның үстіне жауаптардың дұрыстығы 100% құрайды. Бұл алдыңғы 2024 жылғы «Мамандығы бойынша үздік» байқауларының барлық қатысушылары арасындағы бүгінгі таңдағы ең жақсы нәтиже. Айта кетейік, Евгений тепловоз машинисті болып бір жылдан аз ғана уақыт жұмыс істеп жүр және жарысқа алғаш рет қатысып отыр. Ол осыдан үш жыл бұрын кәсіпорынға жылжымалы құрамның слесарі болып келген.
Евгений тек теориялық тапсырманы ғана емес, автотіркеуді де тамаша орындады. Ол ТЭМ-2 машинистері арасында 1 орынды иеленді. Екінші орында Василий Винограденко, үшінші орында Александр Кисляк.
OПЭ-1 машинистері арасынан Ерлан Иманғазинов үздік атанды, Игорь Плетнёв екінші орынды, Евгений Репников үздік үштікті түйіндеді.
Кәсіби жарыстардың жүлдегерлерін гүл шоқтары, кубоктар мен дипломдар күтіп тұрды. Сыйлықтарға қарағанда, "Степная" ЖҚД қатысушылардың өздері ғана емес, басшылары да жарысқа мұқият дайындалған.