Бір апталық күш жинады

22.07.2024

«Богатырь Көмір» ЖШС кеңсе қызметкерлері үшін жұмыс аптасы бес минуттық жаттығумен басталды. Қызметкерлердің осы санатының міндеттеріне негізінен отыратын өмір салтын білдіретін құжаттармен жұмыс кіреді. Сондықтан спорттық - сауықтыру кешенінің өкілдері осылайша олардың күнделікті істеріне белсенділік қосуға шешім қабылдады.

Таза ауадағы өндірістік жаттығу әр дүйсенбіде компанияның бас кеңсесінде өткізіледі. Ширатып шынықтыру үшін кәсіби фитнес-нұсқаушылар шақырылды. Оған қатысу - ерікті іс. Айта кетейік, әр уақытта ниет білдірушілер саны артып келеді.

Келесі жаттығу бір аптадан кейін, 29 шілдеде, сағат 8:30-да өтеді. Барлық қызметкерлерді салауатты, белсенді өмір салтын ұстануға шақырамыз.


Жаңалықтар тізіміне оралу