Тәжірибесі бар дзюдошы

21.07.2024

Ардагерлер арасындағы дзюдодан Қазақстан Республикасы чемпионатының қола жүлдегері «Богатырь» кенішінің темір жол кранының машинисті Тендэк Сильев атанды. Астанада өткен жарысқа 150-ге жуық адам қатысты.

– Алғашқы белдесуімді Алматы облысының өкілімен өткізіп, жеңіске жеттім. Екінші жекпе-жегінде ескертулерге байланысты жеңіліп қалдым. Нәтижесінде үшінші орынға ие болдым. Мен бұл чемпионатқа үшінші рет қатысып отырмын. Алғашқы екі рет Қазақстан чемпионы атандым. Биылғы жылы шамалы жетпей қалды», – деп өкінішпен растады Тендэк.

Өткен жылдың мамырда ол тынық мұхиты аймағы бойынша Азия чемпионатында күміс жеңіп алды, ал 2023 жылдың қазан айында Абу-Дабиде өткен әлем чемпионатында үздік бестікке енді.

– Дзюдомен 17 жасымнан айналыса бастадым. Қазір жасым 61-ге таяп қалды. Мен дзюдоны және басқа да спорт түрлерін жақсы көремін. Жалпы, белсенді салауатты өмір салтын ұстанамын және оны басқаларға керемет денсаулық пен көңіл-күй үшін ұсынамын. Сонымен қатар, бұл компанияда құпталады және ынталандырылады», - деп атап өтті кенші.

Айтпақшы, Тендэкті қола жүлдені «үйге» әкелгені үшін ақшалай сыйлықақы күтеді.


Жаңалықтар тізіміне оралу