Тіл білумен

20.07.2024

Қазақ тілін оқыту бағдарламасын сәтті аяқтаған «Богатырь Көмір» ЖШС қызметкерлеріне курстарды аяқтағаны туралы сертификаттар берілді. Жыл бойы қызметкерлер сабаққа қатысып, оларды еңбекпен ұштастыра отырып, мемлекеттік тілде түсініп, сөйлеуді үйренді.

Тіл курстарының түлектерінен шығармашылық топ құрылып, Павлодар облысының елді мекендерін аралап, жергілікті тұрғындарға қазақ тілінде концерт қояды.

Компанияның қолдауының арқасында ондаған кеншілер жыл сайын мемлекеттік тілді білу деңгейін арттыруда. Олардың қатарында «Богатырь» кенішінің ККЖ-1 жабдықтарды жөндеу жөніндегі электрмеханигі Роман Ткачук «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік нышаны» облыстық байқауына қатысқаны үшін алғыс хат пен ақшалай ынталандыруға ие болды. Роман Екібастұз атынан қатысқан жалғыз үміткер.

Қазақ тілін оқыту бағдарламасын аяқтағандардың тізімін жарияланымға арналған суреттерден қараңыз.


Жаңалықтар тізіміне оралу