Электр қуатын жетік біледі
19.07.2024
Бүгін, 19 шілдеде «Северный» кешенінің электрмен жабдықтау учаскесінде «Мамандығы бойынша үздік» байқауы өтті. Энергиямен жабдықтау Дирекциясының төрт учаскесінің жабдықтарға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі сегіз электрслесарі кәсіби шеберлік бойынша жарысты.
Байқаудың бірінші кезеңінде қатысушылар тірекке көтеріліп, толық трансформаторлық қосалқы станцияны 6 КВт ауа желісінен ажыратып, содан кейін оны қайта қосу керек болды. Екінші кезеңде сұлбаны құрастыру және үш фазалы электр есептегішті 0,4 КВт желіге қосу болды.
Сайыстың қорытынды бөлімі жиырма сұрақтан тұратын теориялық тапсырма болды. Осыдан кейін байқау комиссиясы нәтижелерді есептеуге кірісті.
Байқау қорытындысы бойынша Рысбек Шарбақбаев жеңіске жетсе, Андрей Бурдужан екінші, Вадим Бейсембаев үшінші орынға ие болды.