Көмек қолы
14.07.2024
Биыл «Богатырь Көмір» ЖШС біріккен жастар қозғалысына 20 жыл толады. Бүгінгі таңда оған 200-ден астам жас кенші кіреді, олар кәсіпорындағы негізгі жұмысынан басқа, әртүрлі бағыттарда, соның ішінде еріктілер болып қызмет етеді.
«Екібастұз» іздестіру-гуманитарлық жасағымен бірлесіп, балалар із-түзсіз жоғалған адамдарды іздеуге барады, гуманитарлық көмек көрсетеді, қолдарынан келгенше көмек береді. ІГЖ құрамына компанияның біріккен жастар қозғалысынан 10 адам кіреді.
- Жақында Шідертідегі отбасынан баланы тартып алатын болды. Адамдар қалыпты өмір сүрудің мағынасын көрмегендіктен, алкогольді асыра пайдаланды. Біз келіп, олардың үй-ішін жинастырдық. Шамасы, бұл әрекетіміз адамдарға өздерінің өмірлерін ретте келтіруге көмектесті. Енді олар тазалықты сақтайды, бізге үйдегі жағдайдың суретін жіберіп отырады. Біз жай ғана көмектесіп қана қоймай, өз қамқорлығымызға алған адамдардың тағдырын қадағалап отырамыз, - дейді ТЖЖД жылжымалы құрамының слесары Анатолий Козлов.
Кәсіпорынның біріккен жастар қозғалысы «Екібастұз» ІГЖ-мен меморандумға қол қойды. Өткен жылы бірлескен күш-жігермен олар 50-ге жуық отбасына көмек көрсетті, хабар-ошарсыз кеткендердің ішінен 30-ға жуық адамды тапты.
- 1 маусымда біз тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балалар үшін мереке өткіздік. Кафеге 20 - ға жуық бала шақырылды, демеушілер тартылды, аниматор шақырылды, ойындар, байқаулар өткізді, балаларға пицца берді, оларға сабын көпіршіктері мен слаймдар сыйлады, - деді Анатолий.
Құрылымдық бөлімшелерде «Жақсылық жәшіктері» орнатылған, онда ниет білдірушілер заттарды қалдыра алады. БЖҚ еріктілері оларды жастар бастамаларын дамыту Орталығына апарады, мұнда мұқтаж адамдар мұның бәрін ала алады.
Сонымен қатар, БЖҚ жігіттері қала аумақтарын тазарту бойынша экологиялық акциялар өткізеді. Былайша айтқанда, барлық бағыттар бойынша ерікті көмектер көрсетеді. Ал БЖҚ-ның әрбір мүшесі негізінен ерікті болып табылады.