Иінтіректі басқарған кәсіпқойлар

12.07.2024

Карьерлік шынжыр табанды экскаваторлардың тағы төрт машинисті бүгін «Мамандығы бойынша үздік» байқауына қатысты. Бұл №2 өндіру жұмыстары учаскесінің және №2 және 3 аршу жұмыстары учаскелерінің қызметкерлері. Жарыстың өзі «Северный кенішінде ӨЖУ-2-де өтті.

Кеншілер тест тапсырмаларын тез орындап, практикалық сынақтарға көшті. Сегіз текшелі шөміштің аралығы ЭКГ-15 пен ЭКГ-12-ге қарағанда аз. Алайда, басқару джойстиктерден гөрі тетіктер арқылы жүзеге асырылады, бұл машинистердің айтуы бойынша тапсырманы едәуір қиындатады. Дегенмен, олар допты себетке мүлт жібермей түгелге жуық лақтыра алды.
Шөмішке бекітілген ілгектің көмегімен суы бар шелекті тасымалдау қиындау болды. Әрбір машинист шелекті шайқамау немесе суды шашыратпау үшін белгілі бір айланы ұстанды. Бірақ барлық әдістер түгел жұмыс істемеді. Су көп шашырады.

Ең қиыны - үлкен шегені шөміш табанымен тақтаға кіргізу болды. Байқау қорытындысы кейінірек шығарылады. Жеңімпаздарды құттықтап марапаттау Шахтерлер күніне арналған мерекелік шарада өтеді.



Жаңалықтар тізіміне оралу