Ескерту және алдын алу
11.07.2024
Электрмен жабдықтау дирекциясының жабдықтарға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі электрслесарі Бақтияр Қайыркешов «Қауіпсіз өндіріс» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің белсенді пайдаланушысы ретінде көтермелеу алған «Богатырь Көмір» компаниясының алғашқы қызметкері болды. «Оқиғалар» модулінде жарақат алу қаупі жоғары оқиғаларды (қауіптерді) тіркегені үшін оның сыйлықақысы 30 000 теңгені құрады.
Азаматтық қорғау және еңбекті қорғау басқармасының өкілдері қызметкерге жүйені белсенді пайдаланғаны және өндірістік қауіпсіздік мәселелеріне бей-жай қарамағаны үшін алғыс білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, ай сайын жұмысшы мамандықтары қызметкерлерінің «Қауіпсіз өндіріс» ААЖ белсенді пайдаланушылары» байқауы аясында оқиғаларды тіркегені үшін 30 000 теңге көлемінде сыйлықақы алуға мүмкіндігі бар.
Жыл қорытындысы бойынша бағалы сыйлықтар күтілетін жеңімпаздар анықталады:
- 1 орын: 500 000 теңгеден кем емес сомаға алыс шет елдерге туристік жолдама;
- 2 орын: 300 000 теңгеден кем емес сомаға тұрмыстық техниканы сатып алуға сертификат;
- 3 орын: 100 000 теңгеден кем емес сомаға тұрмыстық техниканы сатып алуға сертификат.
«Қауіпсіз өндіріс» ААЖ оқиғаларын тіркеңіз және байқаудың жеңімпазы болуға мүмкіндік алыңыз!
Сәттілік!