Сүйікті әуендер
29.06.2024
Екібастұздықтарға арналған мерекелік концертті «Богатырь Көмір» ЖШС-нің біріккен жастар қозғалысы ұйымдастырды. Компания әртістері MaxiMall сауда ойын-сауық орталығының сахнасында өнер көрсетті.
Кеншілер әр жылдардың сүйікті хиттерін әртүрлі тілдерде орындады. Әр ән сайын көрермен саны арта түсті. Қала тұрғындары таныс сөздерге қосылып ән айтып, ду қол шапалақтап кеншілерге алғыстарын білдірді.
Музыкалық нөмірлер арасында «богатырлықтар» көрермендерді қала белсенділерімен, еріктілерімен, соның ішінде кәсіпорындағы жұмыс пен іздестіру-гуманитарлық жасақтағы жұмысты ұштастыратын жастармен таныстырды.
Осы кеште сауда ойын-сауық орталығынан бағалы сыйлықтарының ұтыс ойыны өтті, оған барлық ниет білдіргендер қатыса алды.