Болашақтағы технологиялар
29.06.2024
Бүгін, 29 маусымда ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жұмыс сапарымен Екібастұзға келді. Күннің бірінші жартысында Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың ілесіп келуімен ол «Богатырь Көмір» ЖШС-нің циклдік-толассыз технологиясының байқау алаңында болды.
Компанияның бас директорының орынбасары Мирхат Мұсанап жиналғандарды ЦТТ құрылысының жобасы барысымен таныстырып, оның тиімділігі, артықшылықтары мен құнына тоқталды. Қонақтар нысанның байқау алаңында жобаның жүзеге асырылу ауқымы мен көлемін жеке бағалай алды.
Мирхат Мұсанап ЦТТ қашан пайдалануға беру жоспарланғанын және ол үшін не қажет екенін түсіндірді. Сондай-ақ, көмір өндіруші кәсіпорынның ағымдағы жылға арналған жоспарлары мен бұл жоспардың нақты орындалу барысы туралы хабардар етті.