Қауіпсіздікке жаңа көзқарас

21.06.2024

Бүгін, 21 маусымда «Богатырь Көмір» ЖШС Бас директоры Николай Корсаковтың өндірістік қауіпсіздік бойынша көшбасшылар Клубының мүшелерімен алғашқы кездесуі өтті. Кездесу басында өндірістік қауіпсіздік жөніндегі басқарушы директор Т. Максилов Н. Корсаковқа осы кездесуге жиналар алдында клуб мүшелерінің өткізген рәсімдері туралы қысқаша мәлімет берді, көшбасшыларды анықтау үшін СЕ қызметкерлері арасында жасырын сайлау өткізу және соңғыларының ЕҚжәнеЕҚ саласындағы өзгерістерге арнайы тестілеуден өту арқылы дайындығы туралы атап өтті.

Компания басшысы аталған рәсімдердің маңыздылығын атап өтті, атап айтқанда, ұжымның оларға деген сенімі, жұмыс орындарындағы қызметкерлердің мінез-құлық мәдениетіне көзқарасты өзгерту қажеттілігі туралы және ұжымда осы бастаманы өз мойнына алуға дайын қызметкерлер бар екендігі қуантады.

Көшбасшыларға көшбасшылық қабілеттерін арттыру, әріптестерін сендіру және өзін-өзі басқару қабілеті үшін тиісті оқытуды ұйымдастыруға уәде берілді. Анықталған проблемаларды талқылау және оларды шешуге жәрдемдесу үшін тұрақты кездесулер жоспарланған.
Құрылымдық бөлімшелердің өкілдері, көшбасшылар клубының мүшелері осы кездесуде ең көкейтесті сұрақтар қойды. Олар жұмыс киімінің кейбір элементтеріне және жеке қорғаныс құралдарына, тікелей басшылардың қарым-қатынасы мен қолдауына қатысты болды.
Азаматтық қорғау және еңбекті қорғау басқармасының өкілдері каскаларды токарларға арналған каскеттерге, Белаз жүргізушілеріне арналған арнайы аяқ киімге және кәсіптер мен орындалатын жұмыстар бойынша қызметкерлерге арналған қорғаныш көзілдіріктерге ауыстыру жөнінде сұрақтар қабылдады.

Бас директор өндірістік қауіпсіздік көшбасшылары клубының мүшелерімен осындай кездесулерді ай сайын өткізуді ұсынды.


Жаңалықтар тізіміне оралу