Өндіріске әйелдер көзқарасымен

26.06.2024

«AMANAT» партиясының өкілдері «Богатырь Көмір» компаниясында жұмыс істейтін әйелдердің еңбек жағдайларымен танысты. Партияның Павлодар облыстық филиалының «Әйелдер қанаты» өңірлік кеңесінің мүшелері бүгін, 25 шілдеде көмір сапасы және бақылау бөлімінің, техникалық дирекцияның, жүк қызметінің, сату және көмір нарығы дирекциясының ғимараттарында болды.

Партия мүшелері жұмыс үй-жайларын, тамақтану бөлмелерін, киім ауыстыратын бөлмені, дәретхананы қарап шықты.

Қонақтар компания қызметкерлеріне қажетті сұрақтарды қойды. Олар зейнетақы төлемдеріне, зиянды жағдайлар үшін төлемдерге, еңбекақы мөлшеріне, жұмыс ауысымының ұзақтығына, жұмыс орындарында ыңғайлы және қауіпсіз жағдай жасауға қатысты болды.

AMANAT партиясының «Әйелдер қанатының» өкілдері Екібастұздың бірнеше кәсіпорнына барды. Сапардың қорытындысы партияның Екібастұз қалалық филиалындағы кеңестің көшпелі отырысында қаралатын болады.


Жаңалықтар тізіміне оралу