Қытаймен болашақты талқылады
25.06.2024
Дүйсенбіде Қытайдың China Energy Investment Corporation ең ірі энергетикалық және тау-кен өндіру компаниясының өкілдері Қазақстанға жұмыс сапарымен келді. «Богатырь Көмір» ЖШС делегация бағытындағы маңызды пункттердің біріне айналды. Күн тәртібінде - көмір химиясы саласындағы одан әрі ынтымақтастықты талқылау.
Естеріңізге сала кетейік, мамыр айында Қытайға көмір химия өнеркәсібінде шикізат ретінде қолданылуын анықтау үшін «Богатырь» кенішінен көмір сынамалары жіберілді. Қытай тарапы «богатырлық» көмірдің үлгілерін осы бағытта қолдануға болатындығын атап өтті. Шетелдік өңдеу компаниялары ең алдымен қазбаның қолайлы бағасына тартылды.
«Богатырь Көмір» компаниясының бас директоры Николай Корсаков көмірді байыту мүмкіндігі бойынша мәселені толығырақ пысықтауға ниет білдірді, сондай-ақ түпкілікті өнімнің сұранысы мен бәсекеге қабілеттілігін анықтау үшін нарықты зерделеу қажеттігін атап өтті.
ҚХР делегаттары өндіріске бірлесіп инвестициялаған жағдайда одан әрі ынтымақтастық мүмкін болатынына назар аударды. Олар сондай-ақ өндіріс қалдықтарын одан әрі пайдалану туралы сұрап, оларды кәдеге жаратудың қандай әдістері Қазақстанда заңнамалық деңгейде рұқсат етілетінін нақтылады. «Богатырь Көмір» компаниясының басшылығы барлық қажетті ақпаратты 2024 жылдың маусым айының соңына дейін беруге уәде берді.