22.06.2024
Бүгін, 22 маусымда компанияның спорттық -сауықтыру кешенінде ерлер мен әйелдер арасында үстел теннисінен «Богатырь Көмір» ЖШС-нің Жеке біріншілігі өтті. Кейбір қызметкерлер үшін бұл бірінші жарыс болды.
«Богатырь» кенішінің учаскелік геологы Сағит Ақанов Серіктестікте екі жылға жуық еңбек етіп келеді. Мектепте оқып жүрген кезінде үстел теннисін ойнап, қайтадан қолға ракетка алуды шешті.
- Қарсыластарым өте мықты, әсіресе менің тобымда. Мен бір ойынның өзінде әрең жеңіске жеттім. Бірақ енді мен осында ССК-қа жаттығуларға келетін боламын. Келесі жолы жақсырақ ойнайтын боламын, - деп уәде берді Сағит.
ТЖЖЖД жылжымалы құрамының слесарі Антон Жилин үстел теннисін әуесқойлық деңгейде ойнайды. Бөлімшедегі ақпараттық стендтегі хабарландыруды көріп, өз деңгейімді көтеруді ұйғардым және жеке біріншілікке қатысуға тіркелдім.
- Жақсы жарыс болды. Маған өте ұнады. Жаман ойнамадық. Жаттығуға келіп тұратын боламын. Мен мұнда желтоқсан айынан бері ғана жұмыс істеймін. Әзірге мен мұнда спорттың конькимен жүгіру түріне ғана қатысуға үлгердім. Компанияның спортты осындай кең ауқымда қолдағаны қуантады, - деп атап өтті Антон.
18-39 жас санаттары арасында Мадияр Тәңірберген бірінші, Дәурен Уныбаев екінші, Жарас Рахметов үшінші орынды иеленді. 40 және одан жоғары жастағы спортшылар арасында Алексей Сухоставский жеңімпаз атанса, Михаил Иванов екінші, Андрей Богураев үшінші орынды қанағат тұтты.
Қыздар арасында Екатерина Ережепова жеңіп, Магинұр Латыпова күміс, Сандина Тоқсанбаева қола жүлдені иеленді.