Қауіпсіздікке жаңа көзқарас

20.06.2024

Бүгін, 20 маусымда, ай сайынғы көшбасшылық мінез-құлық қауіпсіздік аудитін (КМҚА) өткізу шеңберінде «Богатырь Көмір» ЖШС Бас директоры Николай Корсаков Богатырь тиеу-көлік басқармасы депосының учаскелерінде болды.

Жұмыс орындарын аралау кезінде бас директор жұмысшы кәсіп қызметкерлерімен, орта буын басшыларымен өмір мен денсаулыққа ықтимал қатерлер, олардың салдары, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың проблемалық мәселелері және сатып алу рәсімдері туралы әңгімелесті.
Әңгімелесу барысында Николай Николаевич жұмыс өндірісінің ерекшелігін ескере отырып, сатып алу және оларды қолдану бөлігіндегі өзгерістер туралы еске салды.
КМҚА барысында Богатырь Көмір басшысы депо жанындағы ашық өндірістік алаңдарды, оларға кіреберістерді аралап шығып, оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар берді.
Қорытындылай келе, Николай Корсаков жергілікті жерлерде қауіпсіздік техникасын сақтаудың және еңбекті қорғауды басқару жүйесін барлық деңгейде қолданудың маңыздылығын атап өтті.


Жаңалықтар тізіміне оралу