Қуатты және тиімдірек
19.06.2024
Қуатты бульдозерге - үлкен кеніш. Бүгінде жаңа Cat D8 «Богатырь» кеңістігін аралап жүр. Қазіргі таңда бұл Технологиялық көлік басқармасының иелігіндегі осы марканың алғашқы және жалғыз машинасы.
Ол жоғары дайындық деңгейіне ие, жұмыс кезінде параметрлерді бақылаудың заманауи жүйелерімен жабдықталған. Ыңғайлы кабина мен басқару жүйесі машинист үшін қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді. Caterpillar D8-де ауа баптағыш қарастырылған, бұл әртүрлі ауа райы жағдайларында жұмыс істегенде маңызды. Ал қауіпсіздікті барынша қамтамасыз ету үшін машина шолу камераларымен жабдықталған. Caterpillar D8 маркалы бульдозер көмір өндіру және аршу жыныстарын қазу бойынша неғұрлым тиімді жұмысты қамтамасыз етуге арналған.