Туған күніңмен, Екібастұз!
08.06.2024
«Богатырь Көмір» ЖШС қызметкерлері екібастұздықтарды қала күнімен құттықтады. Бүгін «Екібастұз – есімің жүрегімде» мерекелік концерті аясында компанияның біріккен жастар қозғалысының әртістері қазақ және орыс тілдерінде танымал шығармаларды орындады.
Музыкалық нөмірлер Елубай Ирсаиновтың, Николай Киселевтің, Мөлдір Набиоленованың, Азамат Оздоевтың, Руслан Мусиннің, Глеб Николенконың орындауында шырқалды.
Көрермендердің алған әсерлеріне қарағанда, кеншілер бұл кештің қуана күткен қонақтары болды. Қала тұрғындары «богатырлықтармен» бірге хормен ән шырқап, оларды қошеметпен қолдады.
«Богатырь Көмір» ЖШС барша екібастұздықтарды Қала күнімен құттықтайды! Сіздерге бейбітшілік, мейірім, үйлеріңізге жылулық пен жайлылық, бақыт, береке және зор денсаулық тілейміз.