Көмір химиясы-жаңа мүмкіндіктер

07.06.2024

Бүгін Астанада «Көмір химия өнеркәсібінің дамуы: технологиялық жетістіктер және болашақтағы мүмкіншіліктері» тақырыбында көмір өнеркәсібі форумы өтті.

Оған Қазақстан Республикасының энергетика Министрлігінің, өнеркәсіп және құрылыс Министрлігінің, Қазақстан химия өнеркәсібі одағының, «Қазуглеппром» көмір өндірушілердің салалық кәсіподағының өкілдері, сондай-ақ шетелдік және жергілікті бейінді институттар мен кәсіпорындардың өкілдері, оның ішінде «Богатырь Көмір» ЖШС бас директорының орынбасары Мирхат Мұсанап қатысты. Ол «Богатырь Көмір» ЖШС көмір химиясының келешектегі дамуы туралы айтып берді.
Көмір өнеркәсібінің флагман өкілі өткен жылдан бері «Богатырь Көмір» Қытайдың көмір-химиялық компанияларымен өзара әрекеттесіп жатқанын атап өтті. Олар қазір «богатырлық» көмір үлгілерін зерттеп жатыр. Осы зерттеулердің нәтижелерінен Екібастұз көмірін көмір химиясының шикізаты ретінде пайдалану мүмкіндігін бағалауға болады.
– Қазақстанда бұл саланы дамыту аммиак, метанол, карбамид, селитра, полимерлер сияқты қосымша құны жоғары негізгі өнімдерді өндіру мәселелерін шешеді. Осы өнімді өндірумен және сатумен айналысатын көптеген компаниялар көмір химиясы жобаларын жүзеге асыруға қызығушылық танытып үлгерді. Өз кезегінде «Богатырь Көмір» ЖШС ұсыныстарға ашық, — деп атап өтті Мирхат Мұсанап.
Кәсіпорын өндіріс көлемін арттыруға дайын және ол үшін қажетті қуатқа ие. Богатырь Көмір өкілі өз баяндамасында сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда көмір химиясы саласындағы ірі жобаларды жүзеге асыру үшін шамамен 12-13 миллиард АҚШ долларын қажет ететінін хабарлады. Мамандар бұл елдің ішкі жалпы өніміне орасан зор үлес қосып, ішкі нарыққа да, экспортқа да жылына 8-10 миллиард АҚШ доллары көлемінде өнім шығаруды қамтамасыз етіп, 20 мыңға жуық жұмыс орнын ашатынына сенімді.


Жаңалықтар тізіміне оралу