Тәуекелдерді азайту үшін
06.06.2024
6 маусымда Азаматтық қорғау және еңбекті қорғау басқармасы өнеркәсіптік қауіпсіздік көшбасшыларымен кездесу ұйымдастырды. Бұл шараға делегаттарды құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері жасырын дауыс беру арқылы таңдады. Жиналғандар алдағы қызметі тәуекелдер мен өндірістік жарақаттарды азайтуға бағытталған көшбасшылар клубын құру мәселесін талқылады.
Кездесуге қатысушылар жұмыс барысында әріптестердің көзге көрінетін бұзушылықтарына немқұрайлы қарауды жоюға ерекше назар аударды және қауіпті үдерістерді тоқтату, ескертулер жасау және қажет болған жағдайда тиісті әңгімелер жүргізу мүмкіндігін еске салды.
Көшбасшылар клубына кіру үшін жиналыс барысында қызметкерлер жалпы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жағдайға әсер ете алатын көшбасшылық қасиеттерді анықтау үшін Департаментпен арнайы дайындалған сауалнамадан өтті. Соңғы қорытындылар жақын арада жарияланатын болады. Кездесу соңында қызметкерлер өзекті мәселелерді айтып, өзара пікір алмасты.
Азаматтық қорғау және еңбекті қорғау басқармасы жұмысшы мамандығы бар жұмыскерлермен кездесулер, жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер тұрақты түрде өткізіп тұрады. 5 маусымда «Богатырь» кенішінің аршу кешеніндегі көшбасшылық мінез-құлық қауіпсіздігі аудитін (КМҚА) жүргізу барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі басқарушы директор Төлеген Максилов наряд-рұқсат беруде белгіленген талаптарды бұза отырып жүргізілген жол жөндеушілерінің жұмысын тоқтатты.
Учаске жұмыскерлерімен болуы мүмкін салдарлар, ережелерді, нұсқаулықтарды, қауіпсіздік техникасын қатаң сақтау қажеттігі туралы әңгіме жүргізілді. Олар өз кезегінде алдағы уақытта бұзушылықтарды жоюға уәде берді. Анықталған ескертулерді жойғаннан кейін бригада жұмысқа кірісті.
Айта кетейік, бұл жұмыстарды қызметкерлердің өздері тоқтату картасы арқылы тоқтата алады, ол үшін ақшалай сыйақы қарастырылған.