Патриоттық нотада

05.06.2024

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері Күнін мерекелеуге орай «Богатырь Көмір» ЖШС қызметкерлері Успен ауданында концерт қойды.

Мерекелік бағдарламаға белгілі қазақ композициялары кірді, аталмыш әндерге жергілікті тұрғындар қуана қосылып, бірге шырқады. Мемлекеттік рәміздері бар атрибуттар әр қойылым патриотизмге толы болды.

«Богатырлықтардың» шығармашылық нөмірлеріне ризашылықтарын білдірген көрермендер қөшеметтерін аяп қалмады. Мерекелік концерт «Богатырь Көмір» ЖШС әнұранын орындаумен аяқталды. Успен ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы ұжымға алғысын білдіріп, компания әртістерінің мемлекеттік тілді жақсы меңгергенін атап өтті. Мерекелік іс-шараның бастамашысы және ұйымдастырушысы «Богатырь Көмір» ЖШС қазақ тілін дамыту тобының жетекшісі Манар Енботина болды.


Жаңалықтар тізіміне оралу