Балалық шақ мерекесі

01.06.2024

Спорттық -сауықтыру кешенінің стадионында бүгін ыстық әрі көңілді. 1 маусымға қарай «Богатырь Көмір»-дің біріккен жастар қозғалысы компания қызметкерлерінің балаларына мереке ұйымдастырды. Әртүрлі жастағы 50-ден астам бала жиналды.

БЖҚ аниматорлары жиналғандар үшін билер, белсенді ойындар, спорттық эстафеталар және қызықты жарыстар өткізді. Ал ең белсенді балаларға сыйлыққа теннис ракеткалары мен дипломдар табыстады. Барлық балаларды мерекемен және жазғы демалыстың басталуымен құттықтаймыз. Сендерге жақсы демалып, денсаулықтарыңды нығайтып, аздап өсулеріңді тілейміз! Бақытты да алаңсыз балалық шақ болсын!


Жаңалықтар тізіміне оралу