Бір солмен!

30.05.2024

«Богатырь Көмір» компаниясының қызметкері Тахир Ильясов армрестлингтен Азия чемпионатындағы барлық қарсыластарын сол қолымен жайғастырды. Сол қолымен алтын медаль, оң қолымен күміс медальді қанжығасына байлады. Чемпионат Өзбекстанда Ташкент қаласында өтті. Қатысушылар көп болды. Тахирдің айтуынша, тек Қазақстаннан жасы мен салмақ категориялары бойынша бөлінуді ескере отырып, 200-ге жуық спортшы қатысқан.

– Жапондық, индус, өзбек, тәжік және мен - қазақ қатыстық, - деп күледі Тахир. - Ең қиыны жапондықты жеңу болды. Ол өткен жылы ғана осы санатқа көшті. Ол 51 жаста, ал мен 59 жастамын. Ол өте мықты және лайықты қарсылас, - деп атап өтті кенші.

Бұл қазірдің өзінде ӨТБ-1 учаскесінің теміржол кранының машинисті еншісіндегі Азия чемпионатының алтыншы алтын медалі болып табылады. Айта кетейік, Тахир Ілиясов-халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол «Богатырь» спорттық-сауықтыру кешенінде жаттығады, сонымен бірге жас жігіттерді жаттықтырады, осы спорт түрінің қыр-сырын түсіндіреді. Ал тамыз айында Тахир армрестлингтен әлем чемпионатында Қазақстан үшін өнер көрсетпекші.


Жаңалықтар тізіміне оралу