Футбол добы сыйлыққа
28.05.2024
2011-2012 жж. туған балалар арасында "Богатырь Көмір" Кубогы үшін шағын футболдан жарыстар бүгін компанияның спорттық -сауықтыру кешенінің стадионында өтті. Жыл сайын шара Екібастұз өңірінің футбол командалары арасында тартымдылығын жоғалтпауда.
Бұл ойынға 13 мектеп тіркелді. Командалар 4 кіші топқа бөлінді. Ұйымдастырушылар қатысушыларды құттықтап, команда өкілдеріне және спортшыларға витаминді тағамдар мен су берілді. Ойын үш алаңда өтті. Жас футболшыларға ауа райының қолайсыздығы кедергі болған жоқ. Олар қарсыластарынан жеңісті жұлып алуға тырысып, матчқа толықтай берілді. Жеңіске жеткен кіші топ көшбасшылары өзара жүлделі орындарды сарапқа салды. Тартысты күресте "алтын" медальдар мен Кубоктың иегері №6 лицей мектебі, №24 гимназия мектебі "күміс' иеленді, ал құрметті үшінші орынды №17 ЖОББМ мен №7 гимназия мектебінің командалары өзара бөлісті. Ойын қорытындысы бойынша үздік спортшылар анықталды: 'Үздік ойыншы" - Руслан Мединов, №24 ГМ; "Үздік қақпашы" – Сергей Дручинин, №6 ЛМ; "Үздік бомбардир" – Артём Зеру, №6 ЛМ; "Үздік қорғаушы" - Дастан Свистунов, №17 ОББМ; "Үздік шабуылшы" - Кенжетай Жолтаев, №7 ГМ.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Құрмет грамоталарымен және Кубоктармен марапатталды. Сондай-ақ, барлық қатысушы командалар да сыйлыққа футбол доптарын алды.
Біз жас жеткіншектерді тамаша ойындарымен құттықтаймыз және олардың қақпасы әрқашан голдардан жақсы қорғалғанын тілейміз!