Айыппұлсыз болмады
19.05.2024
Бүгін спорттық -сауықтыру кешенінің алаңында шағын футболдан өткен турнирдің жеңімпаздарын анықтау үшін ардагерлер командалары бас қосты. Кешегі күн жартылай финалға шыққан көшбасшыларды анықтады. «Богатырь Көмір» Кубогы үшін жарыс тартысты өтті, спорт аренасындағы толғаныстар, әсерлер шамадан тыс жаулап алып, айыппұлсыз да болған емес. «Богатырь Көмір» мен Павлодардың «Мұрат» футбол клубының командалары арасындағы ойындар нәтижесін, өкінішке орай, "богатырлық" спортшылар пайдасына болмаған айыпдоптар сериясы шешті. Дәл осындай жағдай Ақсудың «Металлургі», және Екібастұздың «Достығы» арасында орын алып, нәтижесінде екіншісі жеңіске жетті. Жарыстардың қорытындысы бойынша «Мурат» командасы «алтынды», «күмісті» лайықты түрде "Достық" иеленді. «Үздік ойыншы» аталымында Қанат Алепаров, «Мұрат»; «Үздік қорғаушы» аталымында - Александр Рожков, «Богатырь Көмір»; «Үздік қақпашы» аталымында – Қайрат Шөкенов, «Мұрат»; «Үздік шабуылшы» аталымында – Нұрлан Акунов, «Достық» жеңімпаз атанды.
Қатысушыларға қызықты ойын үшін алғыс айтамыз және жеңімпаздарды құттықтаймыз!