Кезекті тексеріс жүргізілді

30.04.2024

«Богатырь Көмір» бас директоры Николай Корсаков ай сайынғы көшбасшылық мінез-құлық қауіпсіздік аудитін (КМҚА) ТКЖЖ зауытында өткізді.

Аудит жоспары аясында бас директор зауыттың наряд бөлмесіндегі құжаттаманы қарап, техникалық регламенттер мен өндірістік қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтарды сұрады. Жұмыс орындарын аралау кезінде токардың қорғаныс көзілдірігін қолданбай жұмыс жасап жатқанына назар аударды. Осы сәтте мұндай бұзушылықтың ықтимал қауіптері мен салдары, жеке қорғаныс құралдарын қолданбау және одан әрі пайдалану себептері туралы әңгіме жүргізілді. Содан кейін ол зауыттың басқа жұмыс орындарын аралап, проблемалық мәселелермен танысып, оларды шешу бойынша ұсыныстар жасады.


Жаңалықтар тізіміне оралу