Компания көшбасшыларымен кездесу

26.04.2024

«Богатырь Көмір» компаниясында АҚ және ЕҚ басқармасының бастамасымен өндірістік қауіпсіздік бойынша «Тәртіп. Қатысу. Қауіпсіздік» тақырыбында І форум өтті. Оған құрылымдық бөлімшелердің бірінші басшылары, кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, жұмысшы мамандық қызметкерлерінің көшбасшылары қатысты.

Күн тәртібінде көшбасшылардың, жұмысшы мамандық қызметкерлерінің еңбекті қорғау жүйесін басқаруға, өндірістегі қауіпсіз мінез-құлыққа тікелей қатысуына байланысты мәселелер кірді.

Бастама ретінде бас директор Николай Корсаков алғы сөз сөйледі: «Мен біздің компанияда жұмыстарды ұйымдастыру жарақаттанудың «нөлдік» деңгейіне жететіндей деңгейде болуы керектігіне сенімдімін. Сондықтан жағдайды түбегейлі өзгерту қажет».

Іс-шара модераторы, өндірістік қауіпсіздік жөніндегі басқарушы директор Төлеген Максилов өз сөзінде көшбасшылардың еңбекті қорғауды басқару жүйесіне қатысу қажеттігін, олардың жағдайды жақсы жаққа өзгерту мүмкіндігі туралы атап өтті. Спикер жұмысшы мамандық қызметкерлерінің ұсыныстары мен қатысуын ескере отырып, қолданылатын жобалар мен жарақаттанудың алдын алу әдістерін тиімді енгізудің жаңа сатысына көшу қажеттілігін жеткізді.

Бағдарлама аясында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ көшбасшысы «Богатырь» кенішінің акт залының сахнасынан жиналғандарға сөз сөйледі. Ол компанияларында басшылыққа алатын негізгі принциптері туралы айтты. Бүгінгі таңда 20 000-нан астам қызметкері бар кәсіпорын жарақатсыз 100 күннен астам жұмыс істеген.

Baitau Partners қонақ спикері Елдос Искаков өз сөзінде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар қызметкерлердің дұрыс ойлауын қолдау қажет екенін айтты. Ол сондай-ақ команданың әрбір мүшесі өзін қорғалған және құрметті сезінетін жағымды жұмыс атмосферасын қалыптастыру әдістерімен бөлісті. Залда олар шешім қабылдау қажет проблемалық бағыттарды көрсететін интерактивті сауалнама жүргізді.

Форум соңында қатысушылар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы өзекті сұрақтарын алға тартты. Сонымен қатар бірқатар сындарлы ұсыныстар айтылды. Құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен тиісті жауаптар беріліп, айтылған бастамалар қарауға қабылданды. 

Өндірістік қауіпсіздік жөніндегі басқарушы директор көшбасшылармен жұмыс жалғасатынын атап өтіп, сындарлы диалогқа үміт білдірді.


Жаңалықтар тізіміне оралу