Тазалық айлығы

26.04.2024

«Богатырь Көмір»  қызметкерлері дәстүр бойынша Екібастұз әкімдігінің 13 сәуір мен 11 мамыр аралығында қаланы абаттандыру айлығын өткізу бойынша бастамасын қолдады.

Кәсіпорын ұжымы әр жұма сайын өзіне сеніп тапсырылған аумақты тазартуда. Осы кезеңде  игілікті іс-шараға құрылымдық бөлімшелерден 200-ден астам адам тартылды.  «Богатырь» кеніші, БЖКБ, ТЖЖЖД, Технологиялық көлік басқармасы, ТКЖЖ зауыты, Автобаза, Энергиямен жабдықтау дирекциясының қызметкерлері Қонаев даңғылы бойында – Пішембаев көшесінен Интернационал көшесіне дейін тазалық іс-шараларын жүргізді. Барлық қатысушылар қажетті құрал-жабдықтармен және керек-жарақтармен қамтамасыз етілді. Серіктестік қалалық полигонға қоқыс шығару үшін «КамАЗ» техникасын, тиегіш, «ЗИЛ» өздігінен түсіргіштер көліктерін бөлді.


Жаңалықтар тізіміне оралу