Жас кеншілер

24.04.2024

«Богатырь Көмір»-де жас мамандарды кеншілер қатарына қосу рәсімі өтті. Шараға осы жылдың бірінші тоқсанында кәсіпорынға жұмысқа орналасқан 35 жасқа дейінгі 50 қызметкер қатысты.

Құрылымдық бөлімшелердің директорлары қатысушыларға компанияда жұмыс істеудің артықшылықтары туралы айтып, жұмыста өздеріне жақсы жағынан көрсетуге мүмкіндіктердің бар екендігін жеткізді. Өздеріне айтылған жақсы тілектерден кейін жас мамандар алдағы атқаратын істеріне ынта-жігерлері арта түсті. Кездесудің соңында жас кеншілер аудитория алдында ант беріп, кеншілер қатарына салтанатты түрде қабылданды.


Жаңалықтар тізіміне оралу