Өндірісте алғашқы көмек көрсетудегі үздіктер

16.04.2024

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау айлығы аясында «Богатырь Көмір» компаниясының Оқу-курстық комбинатында құрылымдық бөлімшелер арасында «Өндірісте зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету бойынша үздік команда» атағы үшін конкурс өтті. Оған «Богатырь» кеніші, БЖКБ, ТЖЖЖД, СжәнеКНД атынан командалар қатысты.

Екі адамнан тұратын командалар алғашқы медициналық көмек көрсету тақырыбы бойынша 40 тест сұрақтарына жауап берді. Ол үшін оларға отыз минут уақыт берілді.

Содан кейін қатысушылар оқытуға арналған манекенде дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің практикалық дағдыларын көрсетіп, тапсырманы әр түрлі деңгейде орындап шықты.

Берілген тапсырма бойынша биіктіктен құлаған және жазатайым оқиғаның осы түріне сәйкес жарақат алған адамға алғашқы көмек көрсету қажет болды. Қатысушылар әр түрлі дәрежеде тапсырманы орындады.

Конкурстың қорытындысы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау айлығының соңында шығарылады.


Жаңалықтар тізіміне оралу