Жаңа технологиялар

15.04.2024

Локомотив құрамының вагондармен алға жылжуы кезінде қашықтықтан бейнебақылау жүйесі (ҚБЖ) компанияның Богатырь жүк  тиеу-көлік басқармасында енгізілді. Бұл нақты уақыт режимінде пойыз жағдайын бағалауға және қозғалыс үдерісінде күтпеген жағдайларға жедел жауап беруге мүмкіндік береді.

Локомотив құрамының соңғы вагонына орнатылған заманауи жабдықтың арқасында машинист теміржол жолдарында 100 метрден астам қашықтықта не болып жатқанын көреді.

Камералар мен мониторлар аршылған жыныстарды тасымалдау кезінде қолданылады. Олар үш локомотивке орнатылған, ал мамыр айында тағы 12 локомотивті камерамен жабдықтау жоспарлануда. Осылайша, бейнебақылау Богатырь кешенінің барлық «айналмаларын» қамтитын болады.


Жаңалықтар тізіміне оралу