Қауіпсіздік техникасы балалардың көзқарасымен

13.04.2024

Қауіпсіздік техникасы айлығы аясында «Богатырь Көмір» Оқу-курстық комбинатында суреттер байқауы өтті. Кәсіпорын қызметкерлерінің балалары өндірістегі қауіпсіздік тақырыбында қиялдап көрді.

Әр түрлі әдістерді қолдана отырып, олар жұмысты орындау кезінде өмір мен денсаулықты сақтау қаншалықты маңызды екенін әсерлеп жеткізді.

Іс-шараға 5 жастан 13 жасқа дейінгі 38 бала қатысты. Байқауға қатысушыларды үлкен қуыршақтар қуана қарсы алып, кабинетке дейін шығарып салып отырды.

Байқау соңында барлық балалар компанияның кәсіподақ ұйымдарынан 5000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды.

Қорытынды Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай жарияланатын болады. Орындар 9 жасқа дейінгі және 13 жасқа дейінгі жас санатына сәйкес бөлінеді.


Жаңалықтар тізіміне оралу