Қауіпсіздік мәдениеті

14.03.2024

«Богатырь Көмір»  қызметкерлері арасында қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыру компанияның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Осы мақсатта АҚ және ЕҚ басқармасы кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінде жұмысшы мамандарымен кездесулер өткізеді.

Бүгінгі күні ТКБ, БЖКБ және «Богатырь» кенішінің ұжымдарымен семинарлар ұйымдастырылды, келесі аптада ТКЖЖ зауытының, коммерциялық дирекцияның және басқа да құрылымдардың қызметкерлерімен кездесулер жоспарлануда.

Оқыту барысында қатысушылар өндірістік жарақаттануды талдаумен таныстырылады, жазатайым оқиғалар талқыланады, техника қауіпсіздігінің барлық ережелерін орындау қажеттілігі туралы түсінік беріледі.

Бұдан басқа, кездесулерде, презентация форматында жазатайым оқиғаларға әкеп соқпаған оқиғаларды тіркеу бөлігінде «Қауіпсіз өндіріс» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін қолдану практикасына оқыту жүргізіледі. Белсенді пайдаланушылар санының артуы және оқиғаларды тіркеу қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттырудың ғана емес, сонымен қатар өндірістік бақылау жүйесінің ашықтығының көрсеткіші болып табылады.

Барлық қызметкерлердің қауіпті жағдайлар мен өндірістік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін әрекеттер туындаған жағдайда пайдаланулары қажет  «СТОП-КАРТА» модулін қолдана отырып, қауіпті жұмыстарды тоқтата тұруға/тоқтатуға құқығы бар.

«ҚАУІП» модулі ықтимал қауіпті оқиғаларды тіркеуге мүмкіндік береді. Ол үшін құрылымдық бөлімшелердің ақпараттық тақталарында орналастырылған QR кодын пайдалану қажет.

Барлық деңгейдегі қызметкерлермен жұмыс істей отырып және әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігінің маңыздылығына назар аудара отырып, «Богатырь Көмір» компаниясы қауіпсіздік мәдениетінің жоғары деңгейіне қол жеткізуге және өндірісте қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге ұмтылады.


Жаңалықтар тізіміне оралу