Апгрейд
13.03.2024
«Богатырь» кенішінің аршу кешенінде шөміш көлемі 20 м3 болатын Hitachi EX3600 гидравликалық экскаваторы іске қосылды. Жаңа техника аршу жұмыстарын ілгерлетуге бағытталған. Ол көптеген тау-кен компанияларында өзінің сенімділігі мен өнімділігін дәлелдеді.
Мұнда берік құрылым, инновациялық технологиялар және машина операторлары үшін ыңғайлылық сәтті үйлескен. Бұл модельдің артықшылықтарының бірі – жоғары техникалық дайындық коэффициенті. Бұл экскаватор циклдік жұмыс істейтін жер қазу машинасы, оның негізгі жұмыс органы – топырақты кесетін шөміш. Ол топырақты қазу және оны көлік құралына арту бойынша жүйелі операцияларды орындайды.
Hitachi EX3600 экскаваторымен бірге ауыр жүк көліктері жұмыс істейді, олардың екеуі – CAT 785 ақпан айының соңында іске қосылған. Машиналар жаңа экскаватормен қатар жұмыс істейді. Қосымша техникаларды іске қосу технологиялық паркті күшейтуге және аршылған жыныстарды тасымалдау көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді.