«Тиімді басшы»
12.03.2024
«Богатырь Көмір» компаниясы құрылымдық бөлімшелерінің орта буын басшылары «Тиімді басшы» бағдарламасы бойынша төрт күндік оқу курсынан өтті.
Дәріскер ретінде кәсіпорынның бірінші басшылары мен бас мамандары, сондай-ақ ЕҚ және ҚТ саласындағы жетекші кеңесші шақырылды.
Семинар үш кезеңнен тұрды. Біріншісі тәуекелдерді анықтау және бағалау, қауіпсіздік мәдениеті тақырыптарына арналды. Тренингтің екінші бөлігінде қаржы менеджменті, тауарлық-материалдық қорлар, еңбекақы қорын қалыптастыру, сатып алу рәсімдерін жүргізу мәселелері қозғалды. Соңғы кезең қызметкерді басқару психологиясына, ұжымдағы өзара іс-әрекет пен еңбек тәртібіне, қызметкерлерді оқыту мен дамытудың корпоративтік жүйесіне бағытталды.
Бұл тренинг орта буын басшыларына өз жұмысының тиімділігін арттыруға, күшті және әлсіз жақтарын анықтауға, сондай-ақ атқаратын лауазымы көлемінде жеке даму жоспарын әзірлеуге мүмкіндік береді.