Әйелдер қауымы құрметтелді

06.03.2024

Көктемнің ең әдемі мерекелерінің бірі – Халықаралық әйелдер күні. Атаулы күнге орай «Богатырь Көмір» ұжымының әйелдер қауымына құрмет көрсетілді.

Жыл сайын компания әйелдер мерекесіне орай қызметкерлерге сыйақы төлейді. Биыл да сол дәстүр жалғасын тапты. Осыған орай әйел қызметкерлердің карталарына 11 076 теңге көлемінде сома аударылды.

«Богатырь Көмір» корпоративтік қоры еңбек ардагерлерін назардан тыс қалдырмады. Зейнеткерлік демалыста жүрген 996 әйелге жалпы сомасы 4 980 000 теңге бөлінді.

Сондай-ақ, «Самұрық-Энерго» АҚ бастамасымен «Богатырь Көмір» компаниясының атынан бес зейнеткерге кәсіпорын ісіне қосқан баға жетпес үлестері үшін алғыс хаттар мен ақшалай қаражат табыс етілді.


Жаңалықтар тізіміне оралу