Көңілді старт
03.03.2024
8 наурыз – Әйелдер мерекесі қарсаңында «Богатырь Көмір» спорттық-сауықтыру кешенінде «Көңілді старт» өтті. Жарысқа компанияның құрылымдық бөлімшелерінің нәзік жанды қызметкерлері қатысты.
Барлығы 9 әйелдер командасы 5 эстафетадан өтті, олар: «Хоккейшілер», «Допты түсірме», «Шарларды сал», «Рульдегі әйел», «Тоннельден өтіп, шарға орамал байла». Көңілді қатысушылар кезектескен турларды қызықты өткізді. Әр кезеңде олар қарсыластарынан озып, нәтижелерін жақсартуға тырысты. Жылдамдық пен шапшаң әрекет ету қабілеттері оларға тапсырмаларды орындауға көмектесті. Әр командада ойын барысында белсенді қолдау көрсететін жанкүйерлер болды.
Жарыс қорытындысы бойынша орындар келесідей үлестірілді:
1 орын – «Тусовка» командасы, КҚД;
2 орын – «Улыбка» командасы, Жүк қызметі және «Куколки», ТЖЖЖД, ТКЖЖ;
3 орын – «Ромашки», Атқарушы аппарат.
Жеңімпаздарға дипломдар табысталып, ақшалай сыйлықтармен ынталандырылды.