АҚШ-қа жолдама
28.02.2024
Өткен демалыс күндері спорттық мұз астынан балық аулау бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысты өткізу үшін Қостанай облысында қысқы балық аулаудың 30 әуесқойы жиналды. Қатысушылар арасында біздің қызметкеріміз «Богатырь» кенішінің ПТО-1 учаскесінің электрслесары Роман Ткачук та болды.
Бұл спорт түріндегі жетістікке аса шыдамдылық, байқағыштық және шеберлік сезімі арқылы қол жеткізуге болады. «Богатырь Көмір» қызметкері осы қасиеттердің барлығын көрсете алды. Жарыс қорытындысы бойынша ол командалық есепте Қазақстанның бес дүркін чемпионы атанды, сондай-ақ жеке біріншілікте үшінші орын алды.
Бұл жеңіс Роман Ткачукке 4-11 наурыз аралығында Моңғолияда өтетін 20-шы Әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы құрамында қатысуға құқық береді. Сонымен қатар, ол маусымның ең беделді турнирі – 2025 жылы АҚШ-та өтетін Әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды.
Романды құттықтаймыз және алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!