Алаңдағы жеңіс
16.02.2024
«Богатырь Көмір» футбол командасы Екібастұз кәсіпорындары арасында чемпион атанды. Біздің спортшылар «Екібастұз МАЭС-1» ЖШС кәсіподақ ұйымының 10 жылдығына арналған шағын футболдан турнирге қатысты.
Барлығы 6 команда мәлімделген. Олар: ҚТЖ, «KBI Energy Group», МАЭС-1, МАЭС-2, «Восточный» кеніші және «Богатырь Көмір» ЖШС.
35 жасқа дейінгі санатта «Богатырь» футболшылары қарсыластарын таза жеңді, тіпті қарсыластарына шабуыл жасауға да мүмкіндік бермеді. Сөйтіп финалға 4:0 есебімен жетті.
Ақтық ойында ҚТЖ командасының өкілдерімен кездесіп, оларды 7: 1 есебімен ойсырата жеңе білді. Аталмыш есеп - турнирде бірінші орынды иеленуге мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, қатысушылар 35 + санатындағы шағын футболдан жарыстарға қатысып, 7 команда арасында жақсы нәтиже көрсетіп, төртінші орынға ие болды.
«Богатырь Көмір» футболшыларын тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз және спортта жеңісті күндерінің көп болуына тілектеспіз.