Кеніштегі инновациялар
02.02.2024
1-3 ақпан аралығында Алматыда GovTech салаларындағы цифрлық трансформация және инновациялық шешімдер тақырыптарын ашатын «Digital Almaty 2024: Индустрия Х – болашақтың цифрлық эволюциясы» форумы өтуде.
Халықаралық іс-шара аясында Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан үкімет басшылары мен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы төрағасының қатысуымен бірқатар кеңестер өтеді.
«Богатырь Көмір» Қазақстанның көмір өндіру саласының жолбасшысы ретінде осы саланы таныстырады. Компания цифрлық даму жолында тұр және «Индустрия Х-өнеркәсіпті цифрлық трансформациялау» панельдік сессиясында Серіктестіктің өндірістік жүйесін дамыту жөніндегі директор Нұржан Батырханов «Богатырь» кенішінде енгізілген отын қозғалысын есепке алудың автоматтандырылған жүйесін (ЖЖМ ЕАЖ), тау-кен көлік жабдығына техникалық қызмет көрсету және жөндеу үдерісін басқаруды (ЕАЖ ТҚжәнеЖ), автомобиль көлігімен диспетчерлік басқаруды таныстырды (АКДБ ТҚ). Нұржан Батырханұлының баяндамасы «Богатырь» кенішінде бағдарламалар жұмысының онлайн көрсетілімімен қоса берілді. Ол өндірістік үдерістерді автоматтандыру арқылы қол жеткізген жетістіктерімен бөлісті. Жобалар қатысушыларды қызықтырды. Ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар спикерге нақтылайтын сұрақтар қойды.
Компания павильоны да қатысушылардың назарынан тыс қалмады, форумда ұсынылған стендтермен танысу кезінде олар «Богатырь Көмір» қызметімен қызығушылықпен танысты. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің ілесуімен оған ШЫҰ және ЕАЭО елдерінің премьер-министрлері келді.
Сондай-ақ, Серіктестік өкілдері Нұржан Батырханов пен Дмитрий Левдонский, бизнес-үдерістерді трансформациялау тобының жетекшісі ЕАЭО үкімет басшыларының қатысуымен өткен пленарлық отырысқа қатысты.