Теміржолшыларға құрмет көрсету
01.02.2024
Богатырь жүк-көлік басқармасының 45 жылдығына арналған салтанатты іс-шара «Богатырь» кенішінің ӘТК акт залында өтті.
Мұнда құрметті қонақтар мен бөлімше қызметкерлері қатысты. Бұл күні олар БЖКБ-ның даму тарихы туралы білді. Кәсіпорынның бірінші басшылары ерекше көзге түскен теміржолшыларға лайықты марапаттар табыстады.
Мерекенің барлық қатысушыларына «Богатырь Көмір» бас директоры Николай Корсаков құттықтау сөз сөйледі. Ол бөлімшенің тұрақты жұмысы компания үшін маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
– БЖКБ-ға барлық жағынан да сенім артуға болады. Олар жауапты серіктестер, кез келген жобаны қабылдауға және оны соңына дейін жеткізуге әрқашан дайын. Бұл бөлімшенің әрқашан көшбасшы қатарында болуына септігін тигізетін өндірістік қызметке де қатысты, – деді Николай Николаевич.
Оған әріптестері бас директордың бірінші орынбасары-қаржы директоры Асылхан Қадырбаев және бас директордың орынбасары-өндіріс жөніндегі директор Серік Макаров та қолдау көрсетті.
– Біз циклдік-толассыз технология туралы қанша сөз қылсақ та, бірақ кеніште БЖКБ-сыз жұмыс жүрмейді, – деп қорытындылады Серік Жұматайұлы.
Сахнадан құттықтаулармен бірге кәсіпорын қызметкерлерінің орындауындағы Богатырь ЖКБ-ға арналған әндер шырқалды.
БЖКБ-ны құттықтаймыз және одан әрі дамуын тілейміз! Компанияның барлық теміржолшыларына бақыт, амандық және тұрақтылық!