ТМК саласындағы жаңа тәсілдер
21.11.2023
Тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарының дамуына қатысты маңызды тақырыптар бүгін «Қазақстандық қамту 2.0» халықаралық форумында көтерілді. Іс-шара Астанада жетекші сарапшылар мен сала өкілдерін жинады. «Богатырь Көмір» компаниясынан форумға бас директордың орынбасары Мирхат Мұсанап қатысты.
Форумды премьер-миинистр Әлихан Смаилов ашты. Спикерлер арасында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев та болды. Өз сөзінде ол тау-кен металлургия кешеніндегі қазақстандық қамту үлесін ұлғайту, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу жүйесін жетілдіру және өндірісті оқшаулауды ұлғайтуды ынталандыру туралы өзекті мәселелерді айтты.
Қатысушылар «Өндірісті оқшаулау бойынша отандық тауар өндірушілердің болашағы мен мүмкіндіктері» атты цифрлық көрмеге қатыса алды.
Форум барысында іс-шараның практикалық нәтижесі болатын ТМК саласындағы жаңа тәсілдер мен стратегияларды көрсететін бірқатар меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды.