Игі іске бағытталған спорт

21.11.2023

Өзбекстанда бесінші халықаралық Samarkand Marathon қайырымдылық жарысы өтті. Биылғы жылы іс-шара қараша айының басында жарияланып,  оған әлемнің 43 елінен 3000 адам қатысты. Олардың арасында «Богатырь Көмір» қызметкері, БЖКБ, «Богатырская» станциясының пойыздарды құрастырушысы Бахтияр Мендыбаев та болды.

Біздің қызметкердің айтуынша, іс-шараны ұйымдастыру жағы жоғары деңгейде өткен. Самарқанға келгеннен кейін қонақтар концертті тамашалап,  қашықтық бойынша қарсыластарымен кездесіп, танысу мүмкіндіктері болды.

Марафоншылар жүгіруді Регистан алаңынан бастады. Бағдарлама келесі қашықтықты қамтыды: марафон 42,2 км, жартылай марафон – 21,1 км.

Бахтияр Хабидуллаұлы марафонға қатысып, өзінің жас санаты бойынша алтыншы келіп, жарысқа қатысқаны үшін естелік медаль алды. Әрине біз қызметкерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

Марафоннан түскен қаражатқа Өзбекстанда спорттық балалар алаңдары салынатынын атап өткен жөн.


Жаңалықтар тізіміне оралу