Модульдік-блоктық кешен
21.11.2023
Южная станциясында «Богатырь Көмір» қызметкерлерін қолайлы еңбек жағдайымен қамтамасыз ету мәселесін шешетін санитарлық-тұрмыстық кешеннің құрылысы аяқталды. Ғимарат 150 адамға арналған.
Салтанатты жиында бас директордың орынбасары-өндіріс жөніндегі директор Серік Макаровтың қатысуымен жаңа ғимараттың ашылуы өтті. Құттықтау сөзінде ол мұндай жобалар компания үшін өте маңызды екенін айтты. Олар жұмысшылардың тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыру және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін қажет. Бұл кәсіпорын алдында тұрған басым міндеттердің бірі.
Модульдік-блоктық кешен күрделі құрылыс дирекциясының басшылығымен салынды. Жобаны іске асыру туралы толығырақ күрделі құрылыс жөніндегі директор Андрей Омельницкий айтты. Өз сөзінде ол Серіктестіктің басқа құрылымдық бөлімшелерінде де осындай тұрмыстық үй-жайлар орнату компанияның жоспарында бар екенін жеткізді.
Жиын қатысушыларына экскурсия жүргізу барысында киімді шаңсыздандыру, жуу, сығу, үтіктеу және үй-жай мен суды жылыту үшін қолданылатын заманауи жабдықтар көрсетілді. Ғимарат кір жуатын орынға, душқа, киім ауыстыратын орынға, каска мен аяқ киімді жууға арналған үй-жайға, санитарлық торапқа бөлінген.