Жақсылық мерекесі

09.11.2023

«Богатырь Көмір»  Дүниежүзілік мейірімділік күнін ерекше бастады. Компания атынан аутизм және ақыл-ой кемістігі бар балалар оңалтудан өтетін түзету орталығында мереке ұйымдастырылды.

 Іс-шара басталғанға дейін балаларға аквагрим  маманының қызметтерін пайдалануға мүмкіндік берілді. Қалаған нәтижеге қол жеткізгеннен кейін, балалар өз беттеріндегі әдемі суреттерді көрсетті. Жағымды әсермен күш жинап алғаннан кейін олар туыстарымен көңілді ойнай бастаған кезде залда нағыз сиқыршы пайда болды. Сиқыршының қолдың ептілігін көрсететін қызықты айлакерлік іс-әрекеттерін  тамашалады. Кейін оның орнын аниматорлар ауыстырды. Олар тек ойындар ойнатып қана қоймай, сонымен қатар балаларды қатты қуантқан сабын көпіршіктерінің нағыз ойын-сауығын өткізді. 

Айта кету керек, «Ерекше үй»  орталығына 2 жастан 14 жасқа дейінгі 70-ке жуық бала барады. Олармен дефектолог, логопед, психолог мамандары жұмыс істейді. Сондай-ақ, олар бейімделген дене шынықтыру залында оңалтуға бағытталған спорттық-сауықтыру жаттығуларының кешенін орындайды. Көрсетілетін көмектің арқасында көптеген балалардың бұрын дәрігерлер қойған диагнозы алынып тасталынды.


Жаңалықтар тізіміне оралу