Грамматика жайында ғана емес

27.09.2023

Халықаралық аудармашы күні қарсаңында «Богатырь Көмір» компаниясы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен қалалық конкурс ұйымдастырды.

 Оған Екібастұз кәсіпорындарында жұмыс істейтін тіл мамандары қатысты. Іс-шара құжаттардың сауатты және сапалы аудармасын қамтамасыз ететін мамандарды анықтауды көздеді. Шарт бойынша жеңіске үміткерлер үш тапсырманы орындауы керек болды. Алғашқы тапсырмада оларға хатты қазақ тілінен орыс тіліне және керісінше аудару ұсынылды. Келесі кезеңде белгілі бір салаға қатысты сөздердің нақты аудармасын беру болды. Қорытындылай келе, байқауға қатысушылар қол мен бас қимылы арқылы берілген сөзді көрсетіп, ал қалғандары оны не екенін тапты. Бұл барлық қатысушы сәтті аяқтаған ең қызықты тапсырмалардың бірі болды.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады. Олар:

1 орын – Ерболат Әміренов, «Б. Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС-нің аудармашысы;

2 орын – Гүлнұр Кәрімова, «Горэлектросеть» АҚ-ның аудармашысы;

3 орын – Кәмшат Шайхина, ОКЖ әдіскер-редакторы.

Қатысушылар «Богатырь Көмір» ұсынған сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Ресми бөлімнен кейін қонақтар қазақ халқының мәдениетіне қатысты экспонаттар орналасқан компанияның этнокабинетіне барды.


Жаңалықтар тізіміне оралу