26.09.2023
Бұл күндері Қазақстан екі ірі Халықаралық көрмені өткізу алаңына айналды, онда қазақстандық және шетелдік өндірушілердің жетістіктері көрсетілді.
«Богатырь Көмір» компаниясынан өндірістік іс-шараларға компания қызметкерлерінің делегациялары жолдама алды. Олар көмір саласындағы заманауи әзірлемелермен танысып қана қоймай, ынтымақтастық пен жаңа жобаларды дамыту перспективаларын да өздеріне түртіп алды.
Бірінші болып Алматы қаласында 20-22 қыркүйек аралығында өткен Kazcomak көрмесі өз есігін ашты. Оның басты тақырыбы: «Жол және өнеркәсіптік құрылыс, коммуналдық техника». Көрмеге қойылған экспозициялар карьерлерді қазуға, асфальт өндіруге, өнеркәсіптік нысандар салуға арналған техника мен жабдықтар өндірісіне қатысты болды. Сонымен қатар, көрме аясында тақырыптық дөңгелек үстелдер мен семинарлар өтті.
Елімізде тағы бір ауқымды оқиғаға айналған, алғаш рет Астанада ұйымдастырылған «ИННОПРОМ. Қазақстан» көрмесі болды. Онда металлургия, машина жасау, химия және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы және фармацевтика саласындағы өнімдері бар ЕАЭО елдерінің 300-ден астам кәсіпорындары мәлімделді. Көрмеге Қазақстан, Ресей, Беларусь және Қырғызстан премьер-министрлері қатысты. Үкімет басшылары экспозициялармен танысып қана қоймай, пленарлық сессияға да қатысты.
Халықаралық өнеркәсіптік көрмелер – бұл әріптестермен тәжірибе алмасу, көмір өндіру саласындағы жаңа тенденциялармен танысу мүмкіндігі.