Әйгілі зілтемірші «Богатырь» кенішіне келді
23.09.2023
Бүгін «Богатырь» кенішінің көру алаңына Қазақстанның атақты зілтеміршісі, ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин келді. Құрметті қонақты бас директордың орынбасары Мирхат Мұсанап пен «Богатырь» кенішінің бас технологы Сергей Дровалев қарсы алды.
Олар спортшыға көмір өндіретін кәсіпорынның ерекшеліктері мен жетістіктері туралы айтып берді. Зілтемірші қызығушылықпен тыңдап қана қоймай, кәсіпорында қолданылатын техникаға қатысты сұрақтарын қойды.
— Мені кеніштің ауқымдылығы мен оның технологиялық құрамдас бөлігі таң қалдырды. Сондай-ақ бұл туралы ақпарат Гиннестің рекордтар кітабына енгені менің оған жетудің қаншалықты қиын екенін білемін», - деді Ильин алған әсерлерімен бөлісіп, — Компанияның жақсы жаққа ұмтылып, дамып жатқаны өте жақсы. Өркендеу және әрқашан алға ұмтылуды тілеймін.
Сондай-ақ, ол тағы да осында келіп, Серіктестік ұжымымен жүздесетініне сенім білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, Илья Ильин өңірге сапарын «Богатырь Көмір» қызметкерлері де қатысқан «Жасыбай» БЖСМ екібастұздық спортшылармен кездесуден бастады. Оның құрметіне аталған ауыр атлетика спорт залының жұмысымен танысты.