Тәлімгерлерді құрметтеу
22.09.2023
Тәлімгерлер слеті «Богатырь Көмір» Оқу-курстық комбинатында (ОКК) осы саланың үздік өкілдерін жинады. Дәстүр бойынша бұл күні өз әріптестері үшін мамандыққа жетекшілік еткендердің жұмысы қорытындыланды.
Салтанатты түрде оларға лайықты марапаттар табысталды. «Серіктестіктің үздік тәлімгері» аталымы бойынша жеңімпаздар: «Богатырь» кенішінің экскаватор машинисті Олег Гапченко; ТКЖЖ зауытының жабдыққа қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі электрослесары Олег Лавровский; ЭД жабдыққа қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі электрослесары Мақсұт Қайыржанов; ТКБ автокөлік жөндеу слесары Иван Попов. Сонымен қатар, компания қызметкерлері «Жұмысшы мамандығын насихаттау», «Ардагер-тәлімгер», «Үздік оқытушылар, кеңесшілер», «Жаңа мүмкіндіктер» аталымдары бойынша марапатталды. Іс-шарада компания қызметкерлерінің балаларының қатысуымен ұрпақтар сабақтастығы айқын көрсетілді. Олар тәлімгерлерге өлеңдер арнап, залдағы ардагерлерге сыйлықтар табыс етті. Бұл күні барлық сөз сөйлегендер кәсіпорын үшін «Тәлімгерлік мектебінің» маңызды рөлін атап өтті. Бүгінгі таңда тәжірибелі қызметкерлердің білімі кеншілердің кәсіби өсуінде негіз болуда. Серіктестікте бұған үлкен мән беріледі және өз дағдылары мен білімін беретін мамандарды ынталандырады.